Ақтауда алғаш рет қазанның 6-10 күндері аралығында спорттық және жауынгерлік самбо күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы ашық Азия Кубогы өтеді.
Айтулы додаға әлемнің 13 елінен 200-ден астам спортшы қатысады.
Аталмыш жарыс әлем деңгейінде өтетін болғандықтан Өзбекстан мемлекетінен Самбодан Азия федерациясының Президенті – Азия төрешілер алқасының төрағасы – Адилов Ислом, Үндістан мемлекетінен Азия федерациясының атқарушы директоры – Суреш Гоппи, Қырғызстан мемлекетінен жарыстың бас төрешісі – Ларионов Александр, республикамыздан келетін жарыстың бас хатшысы – Туменов Муфтулла сынды құрметті қонақтар мен төрешілер келеді.
6 қазан күні сағат 14:00 «Нұр-Плазада» брифинг өтеді.
7 қазан күні сағат 17:00 Азия Кубогының ашылу салтанаты өтеді.
Байланыс телефоны: Манарбек Бисекенов, 8702-666-37-37;