Нұрсұлтан Назарбаев Қорының ұйымдастыруымен өтетін «Алтын тобылғы» әдеби байқауына қатысуға өтінім қабылдау жалғасуда.
Жоба мақсаты – заманауи қазақстандық көркем әдебиетті дамыту, жас қаламгерлерді қолдау, шығармашылығын насихаттау.
Әдеби байқауда сыйлық бірнеше номинацияға беріледі:
- «Жылдың үздік прозасы»;
- «Жылдың үздік поэзиясы»;
- «Жылдың үздік драматургиясы»;
- «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
- «Жылдың үздік киносценарийі»;
- «Фантастика жанрындағы үздік шығарма».
Сонымен қатар, биыл «Ел мұраты – Тәуелсіздік» тақырыбына арналған Үздік шығарма» арнайы номинациясы тағайындалған. Жеңімпазға әдеби сыйлықтың лауреаты мен 2 млн.теңге ақшалай сыйлық беріледі. Ал арнайы номинация жеңімпазы 3 млн. теңге алады.
Дәстүрлі іс-шараға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тіліндегі шығармасы ұсынылады. Автор екі номинацияға қатысуға құқылы. Өткен жылдардағы жеңімпаздар қатыстырылмайды. Бір адамнан бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады.
Байқауға қатысу үшін өтінімді (шығарманы) пошта арқылы Нұр-Сұлтан қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2022@fnn.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Өтінім қабылдау уақыты 2022 жылдың 30 қазанына дейін.
Толық ақпарат fnn.kz сайтында немесе 8 (7212) 767012 телефоны арқылы білуге болады.