Республика көлемінен халықаралық деңгейге қадам басқан «Әбіш әлемі» театр фестивалі биыл қыркүйек айының 20-23 аралығында өтпек. Бұл туралы mangystauzhastary.kz сайты Н.Жантөрин атындағы театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабарлайды.
Екі жылда бір өтеді деп жоспарланған фестиваль мақсаты – мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаевтың көркем әдеби мұраларын насихаттау болып табылады.
Айта кетейік, фестиваль бұған дейін Маңғыстау облысы әкімдігінің құрылтайшылығымен, ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен 2019 жылы алғаш рет халықаралық деңгейде ұйымдастырылған болатын. Ол кезде шараға Армения, Грузия, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан елдерінің театрлары қатысқан еді.