ҚР Президентінің сайлауында 98 жастағы қарт әжей Забира Абдолбаева өз таңдауын жасады.
– Мен еліміздің болашағын айқындауға үлесімді қосып, өз таңдауымды жасадым. Бүгінде әлем халықтары біздің елді бейбітшілік пен достықтың мекені деп жатады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс-тіршілігі жыл сайын жаңа белеске көтеріле бере деп сенемін. Бұл сайлау одан әрі оң өзгерістер алып келсін деп тілеймін, – деді З. Абдолбаева