Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.
⠀
Заң жобасына төмендегідей ұғымдар енгізіліп, түзетулер жасалды:
⠀
-жастардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайту;
⠀
-«жастарды дамыту индексі», «жастардың әлеуметтік қызметтері», «уақытша орналастырылмаған жастар», «жастармен жұмыс жөніндегі маман», «жастардың еңбек жасақтары» ұғымдарын заңнамалық бекіту;
⠀
-жастар ресурстық орталықтарының функцияларын кеңейту;
– мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруды және жастар арасында волонтерлікті дамытуды енгізу;
⠀
-уәкілетті органның құзыретіне жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын жастардың еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын, жастарды дамыту индексін ендіру және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды енгізу;
⠀
Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданып, күшіне енетін болады.