«Жұлдызай» қоры елдің түкпір-түкпіріндегі көптеген адамға көмектесуге, қайырымдылық бастамаларын іске асыруға мүмкіндік береді. Ол үшін қор арнайы «Qadam» грантын ұсынып отыр.
Гранттық қаражатты барлық меншік нысанындағы заңды тұлға және ҚР-да тіркелген коммерциялық емес ұйым ала алады. Ауылдық аудандарда және шағын қалаларда тіркелген ұйымдарға басымдық беріледі.
Грант қаражаты мыналарға бағытталуы мүмкін:
• өңірдегі әлеуметтік осал топтарының қатысуымен қайырымдылық науқандар мен іс-шаралар өткізуге;
• көмекке мұқтаж адамдардың әлеуметтік мәселелерін шешуге;
• халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға өз ісін ашуға және әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жәрдемдесуге, сондай-ақ жастарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуге;
• халықтық «Кулибиндердің» өнертабыстарын және инклюзивті білім беру, бейімделген спорт, әлеуметтік-мәдени сала және т.б. саласындағы жаңа авторлық оқыту әдістерін қолдауға;
• әлеуметтік бастамаларды орындауда жасөспірімдер мен жастар арасындағы игі істер еріктілеріне көмек көрсетуге.
Грант қаржысы – бір өңірге 2 000 000 теңге.
«Qadam» арнайы грантын алуға өтінімдер 2022 жылғы 10 қазанаң 10 қарашға дейін тек Манғыстау облысы үшін http://qadam.juldizai.kz сайтында қабылданады.
«Qadam» арнайы гранттар бағдарламасы туралы толық ақпарат «Жұлдызай» қорынан біле аласыз.
Бағдарлама үйлестірушілері: Сәлімбаева Алмагүл Аманжолқызы, тел.-8(717)2 481696, ұялы-87015203103