«Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев пен «Astana Hub» IT-стартаптар Халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға қол қойды.
⠀
Меморандум аясында жастарға арналған сапалы цифрлық білім беру бағдарламасын іске қосу жоспарлануда. Оның мақсаты – бағдарламалау мектептері мен жас IT мамандарын қолдау. Әрқайсысы 600 000 теңгеге дейінгі 3000 ваучер бөлінеді. «Жастар Рухы» жастар қанаты ел аумағында бағдарламаға қатысуға ниетті үміткерлерді іздестіруге жәрдемдеседі.
⠀
Сонымен қатар меморандум IT-хакатонды биыл күзде өткізуді көздейді. Байқау барлық өңірді қамтитын алғашқы IT-хакатон болмақ. Өңірлік іріктеуден өткен үздік жобалар елордадағы ақтық кезеңде сыналады.