Бүгін «Балалар жылы» аясында Құланды ауылының 40 жылдық мерейтойына орай Құланды ауылындағы «Намыс» спорт кешенінде бокстан 2011-2012 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турнир бастау алды.
Қыркүйек айының 8-10 аралығында өткізілетін жарысқа Ақтау қаласынан, Жаңаөзен қаласынан, Мұнайлы ауданынан, Түпқараған ауданынан, Маңғыстау ауданынан, Қарақия ауданынан жас боксшылар қатысуда.
Бокс додасының қорытындысы туралы алдағы уақытта толығырақ «Маңғыстау жастары» сайтынан оқи аласыздар.