Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 100 мың жасқа жұмыс берілетінін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді.
«Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді», – деді Тоқаев.