Бейсенбі, Қыркүйек 21, 2023
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Жиналайық» жаңа жұлдыздарды жарыққа шығарды

13/08/2022
Айдары: Жаңалықтар
0
«Жиналайық» жаңа жұлдыздарды жарыққа шығарды
586
SHARES
5.3k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

Рок, Pop және R&B, джаз. Кеше осы музыкалық жанрларда еркін жүзетін жастармен таныстық. Олар ешкімге ұқсамайды, өз айтары бар. Бірақ жазған сөз бен музыкалық үн көпті бір арнаға тоғыстырады. Олар сезімді жасырмайды, сондықтан да әлем оларды қуана қарсы алады. Бұған біз кеше куә болдық.

Жә, олай болса, Маңғыстаудың заманауи музыка әлемін қозғалтқан жастарды таныстырайық.

Бұл – Қожаназар мен Әмір. Лақап аты –  KOZHAN, AMIRINHO. Екеуі де – 18 жаста. Айтуынша, бала кезден бері музыкаға деген қызығушылығы болған. Ал 2018 жылдан бері ән жазып, музыка әлеміне ене бастаған.

«Кеште өзім жазған «Сау бол» әнін орындадым. Бұл ән қоштасу керек болған бір қызға арнап жазылған. Жалпы, мен үшін ән жазу – іштегі сезімдерді шығару. Осы уақытқа дейін 3 ән жарыққа шықты. Жақында Әмір екеуміз «Құс жолы» әнін көпке ұсынамыз», – дейді Қожаназар.

Ал Әмір кеште Қожаназармен бірге «Cherry Pie» әнін орындады. Аталған ән алғашқыда әзіл ретінде шыққан екен.

««Cherry Pie» – әлеуметтік желіде танысып, сөйлескен құрбыға арналған. Карантин кезінде әзіл ретінде шығара салғанмын. Яғни, сол кездері құрбымның онлайн сабағы басталды, жұмысы көбейді. Осылайша, жеке өмірге үлгертпей, әрі қарай сөйлесуімізге кедергі келтірген. Содан мен «Бітпейтін сабақтармен қалдың босамай, кеттің сен, Cherry Pie» деп жай әзілдеп айттым. Кейін Қожанның арқасында ол ән жаңа деммен жарыққа шықты», – дейді Әмір.

Жалпы екі жас музыкант та махаббаттан шабыт алады. Себебі махаббат жүректі қозғайтын күш деп есептейді.

«Ән шығарғанда ішкі жан-дүниеммен бөліскім келеді. Оны жұрт жай тыңдамаса екен деген үміт бар. Қандай жағдай болса да ішіңіздегі сезімді жасырмай, әлемге махаббат сыйлаңыздар», – дейді Әмір.

Келесі кейіпкеріміз – OIU. Шын есімі – Исламбек. Жаңаөзен қаласының тумасы, жасы – 19-да.

Исламбек алты жылдан бері музыкамен айналысады. Оның қызығушылығы қазақша рэп тыңдаудан басталған. Кезінде Домалық, Жақау, Әли есімді рэперлер музыка жолына келуге себепші болған.

«Шабытты қоршаған ортадан аламын. Көрген, сезінген дүниенің барлығын қағаз бетіне түсіремін. Солай тыңдармандарыммен әңгімелесу арқылы іштегі көңіл күйді жеткіземін», – дейді Исламбек.

Қазіргі таңда Исламбектің бес әні жарыққа шыққан. Жақында тағы екі әнін тыңдармандарға ұсынбақ. Одан бөлек клип түсіріп, тағы да шығармашылықпен айналысуды жоспарлап отыр.

  Айта кетейік, бұл өнерлі жастар осы уақытқа дейін музыкалық әлемін қағазға түсіріп, оны бүктеп, төрт қабырғада сақтаған. Барлығы да алғаш рет сахнаға шығып, көпке өнерін жеткізіп жатыр. Тіпті, алғашқы күннен-ақ қошеметке бөленуде. Мұндай мүмкіндік Жастар күнінде берілді. Ал тұншығып, көп тұрған өнерді жарыққа шығаруға «Aktownx» шығармашылық бірлестігінің «Жиналайық» жобасы себепші болған. Олай болса, «Жиналайық» жаңа жұлдыздарды жарыққа шығарды. Келісесіз бе?

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

16/12/2022
Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

16/12/2022
Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

03/11/2022
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

29/11/2022
Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

20/09/2023
Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

19/09/2023
“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

19/09/2023
Маңғыстауда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өтті

Маңғыстауда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өтті

16/09/2023
  • Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

    Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

    579 shares
    Share 232 Tweet 145
  • Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

    570 shares
    Share 228 Tweet 143
  • “Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

    568 shares
    Share 227 Tweet 142

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты – Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist