Жаңаөзен қаласында желтоқсан айында арбат ашылады. Қоғамдық орынның жалпы аумағы – 10 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда қала тұрғындарының серуендеп, спортпен айналысуына жағдай жасалмақ.
Атап айтсақ, балалар ойын алаңдары, қолөнершілерге арналған киіз үйлер, арт-нысандар, фотозоналар, волейбол, баскетбол, шахмат, теннис және workout алаңдары, полиция пункті, субұрқақ, әткеншек, сауда павильондары мен сахна орнатылады деп күтілуде.
Шағын сәулет нысандарынан басқа, көшелерді кешенді көгалдандыру да қарастырылған, ол үшін резервуар орнатылды.
