Бейсенбі, Қыркүйек 21, 2023
  • Login
Маңғыстау жастары
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс
Нәтиже жоқ
View All Result
Маңғыстау жастары
Нәтиже жоқ
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Білім саласына қандай өзгерістер енді?

15/08/2022
Айдары: Жаңалықтар
0
Білім саласына қандай өзгерістер енді?
572
SHARES
5.2k
VIEWS
Share on FacebookShare on WhatsappShare on Telegram

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, биылдан бастап 1-сынып оқушылары үштілді форматтан ана тілінде ғана білім алу форматына ауысады. Бұл ата-аналар үшін де, оқушылар үшін де көптен күткен жақсы жаңалық болмақ.

Министрлікте енгізілген тағы бір жаңалық – оқу аптасының ұзартылуы. Вице-министрдің мәліметінше, бұл әлемдік тәжірибеде құпталған, жылдар бойы зерделенген жаңашылдық. Бұрын оқу жылы 34 аптаны құраса, биылдан бастап оқушылар 36 апталық оқу жылына көшеді. Демек, оқу жылы әлеттегідей 1 қыркүйекте басталып 1 маусымда аяқталады.

“Қоғамда осындай өзгеріске байланысты түрлі пікірлер болғанын білеміз. Бірақ, бұл шешім бір күнде қабылданған жоқ. Түрлі ғалымдар мен мамандармен қызу талқыға салынып, шешім қабылданды”, – деді вице-министр.

Вице-министр “Мектепке жол” акциясына да ерекше тоқталып өтті. Бұл жоба аясында аз қамтылған отбасылардың балаларына өте үлкен көмек тигізілетінін атады. Сондай-ақ еліміздің бизнес өкілдеріне, кәсіпкерлеріне үндеу салып, мемлекетпен бірлесе отырып осал отбасыларға көмек беруге шақырды.

“Бұл акция бойынша арнайы жоба дайындалып, қалай жүзеге асырылатынына дейін жазылған құжат қазір облыстарға жіберілді. “Мектепке жол” акциясының басты мақсаты – барлық балалардың киімге, қажетті құрал-саймандаоға бірдей қол жеткізе алуын қамтамассыз ету. Еліміз үшін өте маңызды іс-шара деп есептеймін, -деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар вице-министр әлеуметтік осал топтардан шыққан оқушыларға көмек берілетінін, Қазақстанның бүкіл өңірінде балаларды ыстық тамақпен қамту қолға алынатынын баяндады. Биылдан бастап министрлік оқушыларға кітаптың толық жетуін де жіті қадағаламақ.

“Министрліктің басты міндеті – оқушыларды кітаппен қамтамассыз етуді қадағалау. Егер аудандарда, облыстарда оқулық тапшы болған жағдайда ата-аналар жергілікті оқу бөлімдеріне хабарласып анықтай алады”, – деп жалғастырды Ғани Бейсембаев.

Министрлікпен енгізілген қандай да жаңалықтар ең бастысы бала үшін ыңғайлы әрі білім алуына қолайлы болуы тиіс екенін жеткізді вице-министр.

“Мұғалімдердің жалақыларының өсірілуі болсын, қағазбастылықтан арылуы болсын, қандай да өзгерістердің астарында сайып келгенде оқушының білім алуына жағдай жасау жатыр. Президенттің айтқанындай, дәл қазір министрдіктің басты назары – оқушыда, оның сапалы білім алуында және сол білімді алуға жағдай жасауда”, – деді вице-министр.

  • Үздік
  • Пікірлер
  • Соңғы
2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

2023 жылы балаға берілетін жәрдемақы қаншаға өседі?

16/12/2022
Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

Маңғыстау облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды

16/12/2022
Құрметті Маңғыстау жастары!

Құрметті Маңғыстау жастары!

03/11/2022
«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

«Бір ел – бір кітап» акциясына Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу бекітілді

29/11/2022
Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

0

Ақтауда Маңғыстау жастарының игілігіне арналған «АРМАН» Коворкинг орталығы ашылды

0

Жастар жылында Маңғыстау өңірінде 100 шара өтеді

0

«Маңғыстау жастары» және жастар жылы

0
Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

20/09/2023
Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

19/09/2023
“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

“Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

19/09/2023
Маңғыстауда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өтті

Маңғыстауда «Киелі табиғат» экологиялық акциясы өтті

16/09/2023
  • Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

    Облыстық жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті

    579 shares
    Share 232 Tweet 145
  • Ризабек Айтмұхан Белградта өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

    570 shares
    Share 228 Tweet 143
  • “Ұлы дала жорығы”: Маңғыстаулық шабандоз рекорд орнатты

    568 shares
    Share 227 Tweet 142

Сайт мәзірі

  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

logo-mangustau zhastary

«Маңғыстау жастары» сайты – Маңғыстау облысының жастарына арналған ортақ интернет-платформа. Ақпараттық сайтта облыс аумағында жастардың бастамасымен және қатысуымен ұйымдастырылатын және өтіп жатқан іс-шаралардан бөлек, өңірдің түкпір-түкпіріндегі әр салада жетістікке жеткен жас көшбасшылар насихатталады.

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Нәтиже жоқ
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Жастар саясаты
  • Жобалар
    • Lectorium
    • Jastar Books
    • Жастар лагері
    • Жас тұлпар
    • Тегін ағылшын курсы
    • Mangystau Nauryz Fest
    • Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар
  • Жас көшбасшы
  • Таным
  • Өзге пайым
  • Байланыс

© 2022-2023 МАҢҒЫСТАУ ЖАСТАРЫ - Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының порталы ZERO.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In

Add New Playlist