Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында ақтаулық Аққу Темірханова жеңімпаз атанды.
Ақтаудың он үш жасар тұрғыны жеке разрядта алтын, жұптық разрядта күміс, аралас разрядтарда қола жүлдені жеңіп алды. Командалық есепте Маңғыстау облысы 3- орынға табан тіреген.
Аққу Темірханованың айтуынша, оны спортқа, оның ішінде үстел теннисіне 6 жасында анасы алып келген. 2019-2020 жылдары облыстық және қалалық турнирлерде, үстел теннисінен чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болды.
«Мен өте бақыттымын, жаттықтырушыларыма, ата-анама алғысымды білдіремін. Алда әлі жарыстар бар», – деді А. Темірханова. Еске сала кетейік, Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты алты күнге созылды.